«Бала Дауысы» байқауы өз жұмысын бастайды

45

0

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының басқарма төрағасы Мұрат Исаханов мәлімдеді.
Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала Дауысы» балалар ән байқауының екінші маусымы  12 мамырында Павлодар қаласының Естай атындағы мәдениет сарайында бастау алады. 
Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен  өтеді.Байқаудың 2 – ші маусымы Павлодар қаласында бастау алуы кездейсоқ емес. «Бала дауысы – 2016» байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая болған еді. 
Ағымдағы жылдың 13 мамыр – 22 маусым аралығында танымал музыканттар, композиторлар мен продюсерлерден тұратын «Жандану әлемі» Қорының шығармашылық тобы еліміздің барлық аймақтарында, Астана және Алматы қалаларында 7 және 13 жас аралығындағы өнерсүйер дараларға арналған «Бала дауысы» жобасының іріктеу кезеңдерін өткізеді. Іріктеудің ең жарқын сәттері 2 – ші қыркүйек пен 21- ші қазан аралығында байқаудың күнделіктерінде, жобаның ақпараттық серіктесі – КТК арнасының эфирінен көрсетіледі. 
Айта кетсек, күз айында еліміздің үздік 16 дауысы «Бала дауысы» ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды. 
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 27-28-29 қазан күндері «Алматы Арена» мұз сарайында байқаудың  супер-финалы өтеді. Көрермендер қазақ эстарада жұлдыздарының және байқау жеңімпаздарының қатысуымен өтетін үш жарқын және қайталанбас кештің куәгері бола алады. 
Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және смс-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды. Барлық 16 финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып,  ең үздік деп танылған «Бала дауысы» еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз