Бала кезде ұйқының қанбауы қатерлі ісікке шалдықтырады – ғалымдар

82

0

 

Ғалымдар бала кезде ұйқының қанбауы ракқа шалдықтыратынын дәлелдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Баланың ұйқысының қанбауы адам ағзасындағы жасушалардың қартаюын жылдамдатып, денсаулыққа әсер етеді.

Біздің хромосомаларымыздың соңындағы қалпақшалар – теломерлер денеміздің жасушалары бөлінген сайын кішірейе береді. Олар әбден кішірейгенде, яғни жасушалардың бөлінуі бұдан әрі мүмкін болмаған кезде қартаяды. Ғалымдардың кейбір зерттеулері ұйқының ұзақтығы мен теломерлердің ұзындығының бір-біріне байланыстылығын анықтады.

Принстон университетінің ғалымдары тоғыз жыл бойы АҚШ-тың түрлі қалаларында зерттеу жүргізіп, 1567 сыналушыны тексерген. Зерттеушілер балалардың сілекейінен ДНҚ алып, олардың телометрлерінің ұзындығын өлшеген.

Нәтижесінде, аз ұйықтаған балалардың телометрі көп ұйықтағандарға қарағанда аз болатынына көз жеткізген.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз