
– Балалар жылылық пен жаңару сыйлайтын Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен асыға күтті, – дейді «Балдәурен» қорының әдіскері Гүлмира Сейілова. –Және оған жақсылап дайындалды да. Балдәурендіктер ән айтып, билегенді,мәнерлеп жатқа оқығанды ұнатады, содан болар, тәрбиеленушілеріміздің арасында балалар шығармашылық байқауларының лауреаттары аз емес.
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің менеджері Хусаин Сәрсембаев бастаған қонақтар Жаңақорған ауданына құр қол келмепті, әкелген мол сыйлықтары көз жауын алады. Бүлдіршіндерге әртүрлі әдемі жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер таратылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!