Балалар асфальтқа сурет салды

68

0

Балалар асфальтқа сурет салдыКеше халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қызылорда облыстық
телекоммуникация дирециясында «Балалар сурет салады» тақырыбында балалар
арасында сурет салудан конкурс болып өтті.
Бұл күні жас суретшілер
өздерін суретші ретінде қабілеттерін байқап көріп түрлі-түсті қаламмен
асфальтқа сурет салуға мүмкіндік алды. Екі сағат ішінде балалар ғимарат
ауласын есте қаларлықтай қызықты суреттермен толтырды.
    Кішкентай балақайлар конкурстың нәтижесін асыға күтті. Әділ-қазылар
нәтиже шығарам дегенше сайқымазақтар түрлі конкурстар мен сабын
көпірігінен шоу көрсетті. Салтанатты түрде өткен марапаттау рәсімінде
барлық конкурсанттарға алғыс хаттар табысталып, ойыншықтар үлестірілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз