БАЛАЛАР бес КҮН ОҚИДЫ

55

0

БАЛАЛАР бес КҮН ОҚИДЫЕліміздегі білім ұялары бес күндік оқыту жүйесіне көшеді.

Алайда
үш ауысыммен оқитын мектептер қалыптасқан жүйе бойынша, яғни 6 күндік
сабақпен қала береді. Биыл білім беру саласында тәжірибе ретінде
қарастырылатын өзгеріс 2016 жылдан бастап толықтай қолданысқа
енгізіледі. Бұл турасында кеше Астанада Орталық коммуникациялар
қызметінде өткен брифингте хабарланды.

Вице-премьер Бердібек Сапар­баев, Білім
және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік
даму министрі Тамара Дүйсенова қатысқан бри­фингте еліміздің маңызды
сала­сын­дағы өзгерістер жан-жақты айтылды. Сапарбаевтың мәлім­деуін­ше,
Үкіметтің бүгінгі күнгі ты­нымсыз айналысып жатқан ша­руасының бірі де,
бірегейі – жұ­мыс­сыздықты азайту. Әсіресе, қайы­ра соққан дағдарыстың
қай­раңында қалмас үшін жыл ауқы­мын­да 322 мың жұмыс орнын ашу­ды нақты
жоспарлап отыр. Әзірге 191 мың адам тұрақты кәсіптің кө­зін тауып,
межелі міндеттің орта­сынан асыпты. Сонымен бірге 66 мың кәсіпорын
басшыларымен мем­орандумға қол қойып, 2,2 млн жұмыс орнын сақтауға да
ұмтылып жатыр.
– Еңбеккерлер қарызының қор­­даланбауын қадағалау да жауап­ты іс – дейді
вице-премьер. – Әйт­се де, түрлі мекемелердің жұ­мыс­­шыларға жалақы
қарызы 1 млрд теңге кө­лемінде қалып тұр. Бұл түйін­ді тарқатуға
прокуратура ор­ган­дары да тартылуда. Жалпы, қиын-қыстау кезеңде
әлеуметтік аз қамтылған топты назардан тыс қалдырмай жыл көлемінде
оларға 11 млрд теңге жәрдемақы төлейміз. Жоғары оқу орындарын
бітіруші­лерді тұрақты қызметке орнала­с­тыру бойынша да үкіметтегілер
тиіс­ті міндетті ат­қа­руда. Өткен жыл­ғы есеп бойынша бітірушілер­дің
70 пайызы лайықты кәсібін тауыпты. Енді жалған есеп жасамас үшін биылғы
мамандардың қанша­лықты еңбекпен қамтыл­ға­нын білу үшін Бірыңғай
зейнетақы төлеу орталығы арқылы тексеретін бола­мыз. 
Үкімет басшысының орынба­сары биыл 162 балабақша ашы­латын­дығын
жеткізді. Бұл «Ба­ла­пан» бағдарламасының ор­ын­­­да­луын 81 пайызға
көтереді. Бүлдір­шіндерді мектепке дейінгі тәр­­бие­мен қамтуға
мемлекеттен бөлек, жеке сектор да атсалысып келеді. Нәтижесінде,
кәсіп­кер­лер­дің ынтасының арқа­сында 324 балабақша бой көтеретін
болады. Осы орайда Б.Сапарбаев таяуда атақты кәсіпкер Нұрлан Смағұлов­қа
қатысты айтқан пікіріне байла­ныс­ты туындаған сұраққа да жауап берді.
– «Туған елге тағзым» деген тәп-тәуір акция жер-жерлерде ұйым­дастырылып
жүр. Бастамаға сәйкес, елден шыққан бизнесмен­дер қаржы-қаражатын
халықтың мұң-мұқтажын өтейтін салаларға са­лып жатса, керемет емес пе?!
Мә­селен, Алматыда балабақша жайы өте өткір күйінде тұр. Ал осы қалада
кәсібін дөңгелентіп, бизнесін өріс­тет­кен Нұрландай кәсіпкерлер қажетті
нысанды жеке бастамасы­мен салып жатса игілікті іс емес пе? Мұны
Елбасымыз да үнемі айтып, қолдап келеді. Мен сол ортақ мақ­сатқа тарту
үшін ойымды айттым. Ал негізі Смағұловпен қарым-қа­ты­насымыз жақсы.
Жалпы, жұмыс жағдайындағы әрекетті сан-саққа жүгірте беруді қаламаймын, –
деді Б.Сапарбаев.
Білім саласына қатысты маңыз­ды жаңалықты Аслан Сәрінжіпов жеткізді.
«Біз Қазақстан Президен­тінің тапсырмасымен орта білім беру мазмұнын
өзгертуді бастап кет­тік. Жаңа бағдарламалар енгі­зіледі. Онда білім
беруден бұрын, оқушыларға қажетті машық пен дағдыларды қалыптастыруға
үлкен мән беріледі. Соған сәйкес 2016 жылдан бастап мектептер 5 күндік
оқыту бағдарламасына көшеді.

Бүгінде біз 30 мектепті таңдап алдық,
қыркүйектен бастап сол жүйені тәжірибе ретінде енгізе­міз. Келесі жылы
1-сыныптан бас­тап, барлық мектептерге тара­татын боламыз. Ал 6 күндік
оқушылары тым көп үш ауысымда оқыты­латын санаулы білім ұяла­рында ғана
болады. Уақыт өте ғимарат мәселесі шешілгенде олар да қалыпты ауысымға
кө­шеді» дейді Білім және ғылым министрі.
Үкімет басшысының орын­басары брифинг барысында туындаған бірқатар
сауалдарға жауап берді. Лауазымды тұлғаның айтуынша, биыл Қазақ
хан­дығының 550 жылдығына орай 750 шара ұйымдастырылады екен. Бүгінге
дейін мұның тең жартысы өткізіліпті. Енді негізгі ірі жиын 11 қыркүйекте
Астанада және 9 қазанда Таразда болады. Сол сияқты Президент межелеген
мерзім бойынша 2020 жылға қарай қазақстандықтардың басым бөлігі
мемлекеттік тілді білуі тиіс. Қазіргі кезде ол деңгей 72 пайызға
жетіпті. 

Сапарбаев күні кеше ғана Шығыс Қазақстан
облысы Аягөз ауданында жергілікті тұрғындар мен Қытайдан келгендер
ара­сындағы жаппай төбелес жайын да түсіндіріп өтті. «Тұр­мыстық
жанжалға 145 адам қатысқан. Бүгінде онда тиiстi комиссия жұмыс жасап
жатыр. Қылмыс­тық iс қозғалды. Жедел тергеу амал­дары жүргiзiлуде.
Оқиғаға бай­ланысты облыс әкiмi Даниал Кенжетайұлы, прокурор, Ішкі істер
департаментінің бастығы сол жақта жүр. Тұрмыстық қақ­тығысқа қатысқан
145 адам­ның 65-i ауруханаға жеткiзiлген. Бү­гiнгi таңда Аягөзде және
Өс­ке­менде 31 адам ауруханада жатыр. Олардың денсаулығына еш қауiп жоқ.
Соңғы нәтижелер тергеу аяқталғанда мәлiм болады» – деді Бердібек
Сапарбаев. Қоғамдағы өзге де өзекті сұрақ­тарға жауап қат­қан Үкімет
бас­шысының орынбасары ақпарат құралда­рының өкілдеріне кез келген
оқиғаны көрсету бары­сында әсерге берілмей, жан-жақты қам­ту­дың
қажеттілігін еске салды. 
Б. Дәулетұлы, 
Астана

aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз