«Балалар поэзия әлемінде»

131

0

Поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр қосып,  балаларға өлең жазып, жырларымен  тербеп жүрген қаншама балалар ақындары бар. Ақын ағаларымыздың өлеңдерін оқырман балаларға насихаттау барысында  №13 кітапхананың ұйымдастыруымен, кітапхананың  белсенді оқырмандарымен  бірлесіп «Балалар поэзия әлемінде» атты жыр кеші өткізілді.
Ақынға  деген құрметтерін жыр жолддары арқылы жеткізген оқырман балалар   Ы.Алтынсарин,М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Смақов,  Қ.Баянбай, А.Сопыбековтың  жыр-шумақ өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын, туған еліміздің тамаша табиғатын, оқушылар өмірін, баланың бал қылығын, қызықты мінез-құлқын,үлкендерге деген мейірімділігін суреттейтін ақындарымыздың  өлеңдері тыңдаушыларымыздың жүрегіне терең ой салып шабыттандырып отырды.

М.Кембилова, 

№13 балалар кітапханасының кітапханашысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз