БАЛАЛАР САЯХАТ ЖАСАДЫ

117

0

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында «Атамекен» балалар ауылының 45 тәрбиеленушісі Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалды кешені мен Байқоңыр қаласындағы музейге саяхат жасады. Бұл қайырымдылық шарасы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Тағылымы мол шарада балалар біраз нәрсеге қанықты. Түркі әлемінің абызы Қорқыт атаға арналған кешенді аралап, мұражайдағы тарихи экспонаттарды тамашалады. Сондай-ақ, тарихи тұлғаға қатысты түрлі аңыз-әңгімелерді тыңдады. Одан соң жеткіншектерге жұлдызды қала таныстырылды. Ғарыш саласының өткенінен хабар беретін жәдігерлер көрсетіліп, тың мәліметтер берілді.
Тарихи орын мен үлкен ғарыш айлағынан оралған оқушылар ерекше әсер алып қайтты.
М.ЖАСҰЛАНҰЛЫ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз