Балалар қуанған ғажап күн

66

0

Бүгінгі күні білім саласындағы қаламыздың бүкіл мек¬тептерінде үйден оқытылатын оқушылар аз емес. Оларға арнайы пән мұғалімдері барып, білім нәрімен сусындатады. Қазіргі кезде мектептерде үйден оқитын балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және білім алуына бар жағдай жасалуда. 
Осы орайда №11 мектеп-лицейінің ұйымдас¬тыруы¬мен «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты көңілді кеш өткізілді. Кешке үйден оқытылатын оқушылар мен ата-аналары арнайы шақырылды.
Жаңа жыл – әр баланың асыға күтетін мерекесі, ең алдымен балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайып күн. Мектеп-лицей директоры Батырбек Әбиев қонақтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сонан соң  балалардың ата-аналарына мерекелік құттықтау қағазын табыстады. 
Әсем безендірілген шырша айналасына топтасқан балалар ертегі кейіп¬керлерін қошеметпен қарсы алды. Мерекенің бас кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар балаларды Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар шыршаны айнала ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ескі жылдың иесі Мешін жылын шығарып салып, Тауық жылын қарсы алды. Кеш барысында мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанар Қарабөпеева барлық оқушыларға мектеп-лицейінің  дайындаған сыйлықтарын табыстады. Бұған қоса, мектеп бітіруші түлектер де сыйлықтар тарту етті. 
Оқушылардың қуанышында шек жоқ. Ата-аналар атынан сөз алған Айымторы әжей ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді. 
Гүлбану ЖАБЕТОВА, 
 №11 мектеп-лицейінің мұғалімі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз