Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Тау самалы» лагерінде демалуда

77

0

Балалар үйінің тәрбиеленушілері «Тау самалы» лагерінде демалудаБүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов Шалхия кентінде орналасқан «Тау
самалы» балалар тынығу лагерінде болып қайтты. Аудан басшысы лагердің
бүгінгі жағдайымен танысып, осында жазғы демалысын өткізіп жатқан
балалардың қуанышына ортақтасты. Тынығу лагеріндегі балалардың жатын
орны мен өзге де нысандарды аралады. Мұнан кейін балалардың қолөнер
жұмыстарымен танысып шыққан Руслан Рүстемұлы жас өскіндерді қуанышты
сәттермен құттықтап, жазғы киім- кешектер тарту етті.
Айта кетейік,
бүгінде «Тау самалы» балалар тынығу лагерінде 160 оқушы демалуда. Оның
басым көпшілігі Қызылорда қаласындағы «Макаренко» атындағы балалар
үйінің тәрбиеленушілері.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз