Баласын оқуға жібермегені үшін айыппұл төледі

48

0

Баласын оқуға жібермегені үшін айыппұл төледіҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты себепсізден мектепке бармаған 8 сынып оқушысының анасына айыппұл салды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, №4 орта мектептің 8 сынып оқушысы сәуір айының 14-25 күндері аралығында 10 күннен аса сабаққа себепсіз бармаған. Мектеп басшысы оқушының себепсіз сабаққа келмегенін, ата-анасының баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамай отырғанын білдіріп, арнайы хатпен ішкі істер органдарына жүгінген. Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу және оқыту міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған ананың үстінен әкімшілік іс қозғады.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік іс материалдарын зерделеп, оны кінәлі деп танып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 9260 теңге айыппұл салды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз