Балаңызды балабақшаға кезекке қойдыңыз ба?

97

0

Балаңызды балабақшаға кезекке қойдыңыз ба? Бүгінгі күні
балабақшалардағы орын тапшылығы мәселесі айқын. Қалыптасқан жағдайды шешу үшін
мемлекет тарапынан әр түрлі шаралар қабылдануда. Алдымен мемлекеттік бақшаға
кезек қалай рәсімделетінін және құжаттарды қашан тапсыру керектігін естеріңізге
саламыз. Сіздің сәбиіңіздің туу туралы куәлігін рәсімдеген сәттен бастап,
балаңызды мемлекеттік балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол шамамен үш-төрт жасқа
толған кезде келуі керек. Кезек келгенде білім басқармасының қызметкерлері
ата-аналарға балабақшадағы орынның босағаны туралы хабарлайды. Егер ата-аналар
қандай да бір себеппен өз баласын балабақшаға беруден бас тартса, кезек одан
кейінгі тұрған балаға ауысады.

·Кезекті Интернет
арқылы Балабақшаға кезек нөмірін қарау
сервисінің көмегімен egov.kz порталында қадағалауға болады.

·2007-2010 жж. туған балалар
үшін кезекті қарау мүмкіндігі туған күні, тегі және аты бойынша жүзеге
асырылады.

·2011 – 2013 жж. бері қарай
туған балалар үшін іздеу ЖСН бойынша да, сондай-ақ туған күні және тегі мен аты
бойынша да жүзеге асырылады.

Балабақшаға кезекке
қою онлайн электрондық үкімет www.egov.kz арқылы немесе iOS және Android үшін
қол жетімді egov.kz мобильдік қосымша арқылы қоюға болады. Жас аналар мен
әкелер үшін кезекке онлайн қою тәсілі қолайлы, себебі бұл үйден шықпай-ақ
жүзеге асырылады.

ХҚКО қызметті алу
үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1. Белгіленген
нысандағы өтініш;

2. Ата-аналардың
бірінің немесе заңды өкілдерінің жеке басты куәландыратын құжаты;

3. Баланың
мекенжай парағы немесе қызметті алушының тұрғылықты жерін растайтын өзге де
құжат.

4.Құжаттар
тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады, осыдан кейін
құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.

Балабақшаны таңдау сіздің сәбиіңіз үшін өте
маңызды. Балабақшада баланы әлеуметтік бейімдеу жүзеге асырылады, иммунитет
бекітіледі, ұйқы және тамақтану кестесі қалпына келеді. Балабақша – әр бала
өтуге тиісті бірінші тәрбиелік-білім беру кезеңі.

 

Қызылорд
қаласының №1 бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз