Балық өнімі алыс-жақын шетелдерге экспортталды

86

0

Балық өнімі алыс-жақын шетелдерге экспортталдыСАРАТС-1 жобасын жүзеге асыру нәтижесінде соңғы 4 жылда балық аулау 65%-ға көбейді. 2016 жылы облыс бойынша ауланған балық көлемі 7883 тоннаны құрады (Кіші Арал теңізінен 7106 тонна ауланды).
Облыста жылдық қуаттылығы 11 мың тонна болатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бұл 500-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде.
Барлық кәсіпорындар халықаралық стандарттарға сәйкес құралдармен жабдықталған. 2 кәсіпорын өнімдерін Еуроодақ елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін «Еурокод» эскпорттаушының тіркеу нөмірін алған. Балық өнімі (балық филесі, ысталған, қақталған, мұздатылған) алыс-жақын шетелдерге – Ресей, Грузия, Дания, Польша, Әзербайжанға экспортталды.
2016 жылы барлығы 3604 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды, соның ішінде Ресей Федерациясына – 2191,2 тонна, Данияға – 453 тонна, Польшаға – 259 тонна, Әзербайжанға – 420 тонна, Грузияға – 280 тонна. 2015 жылмен салыстырғанда балық өнімдерінің экспорты 2 есеге, ал 2012 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті. Балық өңдеу көлемі соңғы 4 жылда 2,5 есеге артты.
Еуразиялық экономикалық одақ Қызылорда облысының кәсіпкерлеріне көршілес мемлекеттердің кәсіпкерлерімен ешқандай кедергісіз байланыстар орнатып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік ашты.
Солардың бірі Арал балықшыларының Ресей кәсіпкерлерімен бірлесіп ашқан «Димитровград балық өлкесі» балық өңдеу зауыты.
2016 жылы 8-9 шілдеде Арал өңірі балықшыларының екінші слеті өткізілді. Онда облыстағы балық шаруашылығының  даму мәселелері жан-жақты талқыланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз