Банк қызметкері клиенттерінің ақшасын жымқырған

58

0

Банк қызметкері клиенттерінің ақшасын жымқырғанҚызылордада аудандық соттардың бірінде клиенттердің есепшотынан олардың рұқсатынсыз ақша жымқырған банк кассиріне қатысты іс қаралды. 

Алдымен әйел бөтен біреудің депозитінен 15 мың теңге алып, оны өз қажетіне жаратқан. Сөйтіп ала беріп, жымқырған сома 1,5-тен 50 мың теңгеге дейін жеткен. Осы шығындардан кейін кассир банктің басқа бөлімшесіне ауысады, алайда онда да қылмыстық әрекетін жалғастыра берген. Алдымен 65 мың теңгені желге ұшырса, кейінірек басқа клиенттің есепшотынан 28,5 мың теңгені алған. Содан кейін ірі сома – 115 мың теңгені жымқырды.

Сотта банк қызметкері кінәсін толығымен мойындады, жәбірленушілерге келтірген барлық шығынды өтеді. Бұған қарамастан, сот оны айыпты деп таныды, алайда банк кассирінің жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз