Банктен 600 млн. теңге ұрлады деп айыпталып, қамауға алынды

63

0

Банктен 600 млн. теңге ұрлады деп айыпталып, қамауға алынды Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы «АТФ Банк» Қызылорда филиалының касса меңгерушісі Қ.Омароваға қатысты аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иелену немесе ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ҚазАқпарат Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Омарова 2014 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында «АТФ банк» ҚОФ-ның қоймасына кіруге рұқсатын пайдаланып, 601,9 млн. теңге және 30 мың АҚШ доллар банктің ақша қаражатын ұрлады деп  айыпталып отыр.
2014 жылғы 26 шілдеде Қызылорда қалалық сот Омарованы қамауға алуды санкциялады.
Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде, басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз