
– Қазақстанда электронды үкімет құру идеясын Елбасы алғаш рет 2004 жылғы жолдауында айтқан болатын. Ал электронды үкімет веб-порталы 2006 жылы іске қосылды. Бүгінде www.egov.kz порталы арқылы 121 қызмет түрі қолжетімді. Қызметтің 112-сі сандық қолтаңба арқылы алынса, 9-ы электронды сандық қолтаңбасыз көрсетіледі. Қазіргі таңда аймақта 48596 адам электронды қызметке жүгінеді. Айта кететін жайт, 2014 жылдың желтоқсанында электронды үкімет порталына 3 миллионыншы пайдаланушы ретінде жерлесіміз Еламан Серкебаев тіркелді. Тиімді электронды үкімет порталын пайдаланған баршаңызға алғысымды білдіремін және алдағы уақытта да белсенді болуға шақырамын,- деді жиын барысында облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті интеграциялау және дамыту бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!