Барсакелместегі биоалуантүрлілікті сақтау мәселесі талқыланды

57

0

Барсакелместегі биоалуантүрлілікті сақтау мәселесі талқыландыҚаламыздағы
«Барсакелмес» мемлекеттік қорығының конференция залында «Қорғалатын
аймақтардың іші мен айналасында биоалуантүрлілікпен үйлесімді тіршілікті
қамтамасыз ету көздерін ілгерілету арқылы шөлді экожүйелердегі
қорғалатын аймақтардың тұрақтылығын арттыру» маңызды жобалар бойынша
Қазақстан Республикасындағы «Халықаралық Аралды құтқару» қорының
атқарушы дирекциясы мен Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры
Қызылорда облысының әкімдігінің қолдауымен, «Қызылорда облысының Арал
ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің шалғайдағы жайылымдарында малды
мобильді ұстаудың тәжірибесін көрсету» жобасының нәтижелері бойынша,
«Арал-Сырдария» өңіріндегі шөлді жағдайларда жайылымдық экожүйелерді
тұрақты басқарудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. 
Семинар жұмысына Қызылорда облысының
әкімдігі мен облыстық басқармалардың және Алматы, Маңғыстау облыстарының
әкімдіктері, Қызылорда облысының аудан мен ауылдық округтерінің
әкімдіктері, Барсакелмес қорығының өкілдері, жергілікті халық, МЕҰ,
сонымен қатар, жобаны жүзеге асырушылар мен донорлар қатысты. 
Маңызды жиынды аудан әкімі А.Мұхимов
ашып, ауданымызда жасыл экономика бағдарламасы бойынша атқарылып
жатырған игі жұмыстар жайында кеңінен тоқталды. Мұнан соң, ЕҚЫҰ
бағдарламалары кеңесінің басшысы Наталья Зарудная мен ЕҚЫҰ
бағдарламалары кеңесінің басшысы Рати Джапаридзе жобаның ауқымдылығын,
мақсатын жан-жақты ортаға салды.
Иә, бастаманың елге берер игілігі мол.
Мақсаты-Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылы айналасындағы жерлердің
азып-тозуының алдын алу үшін жасыл экономика элементтері бар мобильді
мал шаруашылығы тәжірибесін енгізіп, болашақта алынған тәжірибені Бөген
мен Қаратерең ауылдық аймақтарына тарату болып табылады.
Сынамалы жоба аясында «Науша-Бұлақ»
жайылымдық телімінде БҰҰДБ жобасы ҚБСҚ-мен бірлесе «Қожағұл ата» шаруа
қожалығы көмегімен малшыға салынған, жөндеуден өткізілген үй-жайында
жайлы тұру үшін жел және күн энергиясымен істейтін генератор орнатты.
Ал, ХАҚҚ-ның атқарушы дирекциясының салымы нәтижесінде, суат көзі
қалпына келтірілді. Бұған қоса, сынамалы жоба аясында, БҰҰДБ жоба
сарапшыларымен отардағы жайылым жерлерді тиімді пайдаланып, эрозияға
қарсы ауыспалы жайылым жүйесін енгізу арқылы ұйымдасқан малды жаю
бойынша ұсыныстар да айтылды.
Сонымен қатар, семинарда Қызылорда
облысының мал шаруашылығының қазіргі жағдайы мен болашағы жайлы
мәселелер қарастырылып, Арал-Сырдария өңіріндегі жерлердің тозуына қарсы
биоалуантүрлілікті сақтау бойынша БҰҰДБ жобаларының қызметтеріне шолу
жасалды. ХАҚҚ атқарушы дирекциясы жұмысы баяндалып, жиналғандар
тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар қайтарылды. 
Семинар барысында, Қызылорда облысы
ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Д.Абуов Қызылорда облысында мал
шаруашылығының қазіргі жағдайы және даму мүмкіндіктері, БҰҰДБ-ның
биоалуантүрлілікті сақтау бойынша жобаларының менеджері Т. Кертешев
Арал-Сырдария өңірінің жер қорының тозуына қарсы күрес және биологиялық
алуан түрлілікті сақтау бойынша БҰҰДБ жобалары туралы, «Халықаралық
Аралды құтқару қоры» атқарушы дирекциясының директоры М. Оспанов осы
аталмыш қордың нәтижелері мен мүмкіншіліктері туралы және БҰҰДБ-ның
тұрақты ауыл шаруашылығы бойынша сарапшысы шөл және шөлейт экожүйелерде
«жасыл» технологияларды қолдана отырып, өнімді ландшафттарды тұрақты
басқарудың қағидалары мен жолдары туралы баяндамаларын оқыды. 
Семинарға қатысушылардың жұмыс сапары Жаңақұрылыс ауылдық округінде жалғасты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз