«Барселона»
турнирдің ширек финалының қарымта кездесуінде өз алаңында Францияның
«Пари Сен-Жермен» командасын 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да ойының
14-інші және 34-інші минутында Неймар соқты. Алғашқы кездесуді де
«каталондықтар» 3:1 есебімен өз пайдасына шешкен болатын.
Осы ойынмен қатар «Бавария» қарымта кездесуде 6:1 есебімен «Портудың»
тас-талқанын шығарды. Олар бірінші таймның өзінде қарсылас қақпасына
жауапсыз 5 гол салып, жартылай финалға жолдама алып қойған еді. Ал ширек
финалдың бірінші ойынында «Порту» 3:1 есебімен жеңгенін айта кетейік.
Жартылай финалдың жеребе тарту рәсімі 24 сәуір күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!