
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа облыс бойынша барлығы 20 үміткер бақ сынасты. Қызықты да тартысты өткен жарысты осы саланың мамандары, спорт саласының қазылары саралады.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды Қармақшы ауданынан келген Абдуллаев Нұрлыбек есімді палуан жеңіп алса, ІІ орынды да қармақшылық Баймаханов Марат иеленді.
Ал, ІІІ орын орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің атынан шыққан Абдуллаев Ержанға бұйырды.
Жарыста жүлделі орын алған палуан Бас мүфтидің кубогіне жолдама алды. Қатысушылар арнайы алғыспен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
мешітінің баспасөз қызметі