Басқарма басшылары тағайындалды

47

0

Басқарма басшылары тағайындалдыАймақ басшысының өкімдерімен жаңадан құрылған басқармаларға басшылар тағайындалды.

Облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің аппарат басшысының құқық қорғау органдарымен жұмыс істеу және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша орынбасары қызметіне Алпысбаев Ғазымбек Алпысбайұлы тағайындалды. Ғ.Алпысбаев 1955 жылы туған. Қарағандыдағы Ішкі істер министрлігінің жоғары мектебін бітірген. Полиция полковнигі. Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздік департаментінің бастығы, ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Осыған дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

***
Жаңадан құрылған Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы лауазымына Мұхамедов Бағдат Бахтиярұлы тағайындалды. Бағдат Бахтиярұлы 1961 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Мәскеу қаласындағы Жерге орналастыру инженерлер институтын – инженер-жерге орналастырушы және Қазақ мемлекеттік Заң академиясын – заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Қызылордасельстрой-16» мекемесінде жұмысшы ретінде бастап, түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Бұған дейін, Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясының басшысы қызметін атқарып келді.

***
Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына Апетов Ерсұлтан Амантайұлы тағайындалды.
Ерсұлтан Амантайұлы 1974 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін – мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Жаңақорған ауданы Миялы ауылдық кеңесінің ветеринары ретінде бастап, аудандық ветеринариялық стансасында және бірқатар шаруа қожалықтарында ветеринар болып қызмет атқарған. 2012 жылдан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарып келді.
***
Ал Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына Мыңбаев Қанат Тұрсынбайұлы тағайындалды.
Мыңбаев Қанат 1978 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін – инженер-механик және экономист, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін – инженер-құрылысшы мамандықтары бойынша бітірген.
Құрылыс саласында еңбек жолын бастап, түрлі басқарма, комитеттерде жауапты қызметтер атқарды. 2014 жылдан осы кезге дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.

***
Жаңадан құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымына Назаров Ерлан Асылбекұлы тағайындалды.
Ерлан Асылбекұлы 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Экономист-менеджер, әлеуметтік ғылым магистрі. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін және Америка Құрама Штаттарындағы Дьюк университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Қызылорда облысы бойынша статистика басқармасының жетекші маманы ретінде бастап, түрлі жауапты қызметтерді атқарды. 2013 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының сыртқы байланыстар басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

***
«Қызылорда облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.
Осыған байланысты, облыс әкімінің өкімімен Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына қайта тағайындалды.

***
«Қызылорда облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.
Осыған байланысты, облыс әкімінің өкімімен Абдрахманов Ержан Ахметұлы Қызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы лауазымына қайта тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз