Баспанасыз қалған отбасына қолдау көрсетті

47

0

Баспанасыз қалған отбасына қолдау көрсеттіҚызылордалық нұротандықтар үйі өртеніп баспанасыз қалған отбасына барып қолдау көрсетті. Оқиға 18 сәуір күні, түнгі сағат 1 шамасында үйге тартылған тоқ салдарынан орын алған. Үй иесі Қымбаттың айтуынша, өрттен оны және оның бес баласын, інісі аман алып шыққан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Құжаттарын алып үлгерген. Тұрмыстық заттары үймен бірге өртеніп кеткен. Қазіргі таңда олар туыстарының үйін паналауда. Алайда ол үйде де 7 азамат болғандықтан тарлық қылуда. Қысқа дейін 2 бөлмелі үй салып кіріп алуға қаржылай, азық-түліктей көмек көрсетілсе дейді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына өтініш білдірген Қымбат Тәжиева.
Қымбаттың өтінішін назарға алған партиялықтар қолдау көрсету мақсатында оның отбасында болып қаржылай және құрлыс заттай көмек көрсететін болды. Ашығын айтқанда 2 бөлмелі үйді тұрғызып, оның төбесін жауып беруге қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері – қалалық мәслихат депутатары, кәсіпкерлер – партия белсенділері қолдау көрсететін болып шешілді. Шара барысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасынан келген өкілдер 340 мың теңге көлемінде қаржы аударатындытарын жеткізсе, №6 қалалық емхана дәрігерлері медициналық көмек көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз