БАСЫМДЫҚ БЕРГЕН БАҒАЛЫ БАСТАМА

68

0

Таяуда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы барлық ақпарат құрал¬дарының бетінде жарияланды. Онда Елбасы қазіргі қоғам талабына сай ел болашағын дамытудың айқын басым-дықтарын атап көрсетті.
Аталған басым бағыттардың байыбына барар болсақ, алғаш¬қысы «Бәсекелік қабілет» деп аталады. Мұнда еліміз¬дің қай бағыт, қайсыбір салада болмасын әлем алдына шығатындай жаңалықтарымен, сондай-ақ, жоғары сапа дең¬гейін¬дегі еңбек ресурстары негізге алынған. Елбасының сөзімен айтсақ, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығында емес, адамдарының бәсекеге қабілеттілігінде. Демек, «Цифр¬лы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» секілді бағдарламалардың түпкі мәні – ұлтымызды ХХІ ғасырдың талаптарына даяр¬лауға бағытталған. Ал тұғырнаманың екінші басымдығы – «Праг¬матизм» деген ұғымды тарқатып, түсіндіреді. Яғни, бұл ұғымның аясында өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен даңғойлыққа жол бермеу деген сынды терең мағыналы тұжырым жатыр. Ол үшін жас ұрпақты  білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілдіруге басымдық  берілуі тиіс. 
Ал «Ұлттық бірегейлікті сақтау» дегенді қалай түсінеміз? Меніңше, бұл жерде ұлтымыздың ешкімге ұқсамайтын дара болмысын, терең  руханияты мен биік мәдениетін болашаққа қаз-қалпында жеткізуге баршамыз бірдей жауаптымыз. Мұн-дағы айтпағымыз, бес ғасырдан астам тарихы бар қазақ хал¬қының әдебиеті мен өнерінде, ауыл шаруашылығы саласында өзіндік бай тәжірибесі бар. Сайын даланың сай-саласын еркін шарлап, сәйгүлік жаратып, бәйгеге шапқан, қыран баптап, сейіл құрған халықпыз. Төрт түлігін түлетіп, түрлі тағам өнімдерін өндірсе, күнделікті өмірде қаншама тұрмыстық бұйымдар әзірлеп, қажетіне тұтынған. Қыл қобызымен, қос ішекті домбырасымен әуелете ән шырқап, күмбірлете күй төгіп, әлемді таң қалдырған қазақ емеспіз бе?! Сондықтан осынау өркениетке өрлеу жолында біз өзімізбен бәсекелес елдердің мәдениетін үйренуге міндетті емеспіз, керісінше, ұлттық мәдениетімізді әлем алдында мойындатуға күш салуымыз қажет. 
Елбасының ерекше атап көрсеткен тағы бір бағыты – білім¬нің салтанат құруы. Бүгінгі ұрпақтың  әлемдік стандарттарға сай  білім алуына қолайлы жағдай жасап, олардың өмір тала¬бына бейімділігін қалыптастыру – мемлекет алдындағы маңыз¬ды міндеттердің бірі. Сондықтан Тәуелсіздік жылдарынан бері еліміздің білім жүйесі түбегейлі жаңғырды деу¬ге толық негіз бар. Себебі, аталған мақалада  айтылғандай, қазіргі таңда біздің еліміз білім саласына бөлінетін бюджет шығыстары  жөнінен әлемдегі  ең алдыңғы елдердің санатында тұр. Әрине, сала жұмысын дамытуда қабылданып жатқан бағдарламалардың артықшылығы  басымдау болғанымен, кемшілігі де бар екенін жасырмауымыз қажет. Бұған қатысты Мемлекет басшысы өз тарапынан әркез тиісті бағасын беріп келеді.
Елбасы «Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу он жылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді» деген болжамын алға тартады. Сол себепті заман көшінен қалмай, жастардың жан-жақты білім алуға ұмтылысы қажет екенін айтып, «табысты болудың басты факторы – білім» деп ойын түйіндейді.  
Иә, өткен тарихымызды ой елегінен өткізер болсақ, өзегімізді өртейтін ащы сабақтары аз емес. Санамызды күшпен жаулаған сол бір солақай саясаттың зардабы әлі де өз әсерін тигізіп келеді. Дегенмен, уақыт бір орнында тұрмайды. Сондықтан біз бүгінде өткен кезеңнің үлесінде құлдырауға ұшыраған ұлттық руханиятымызды қайта қалпына келтіріп, «өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді жандыруға» бағытталған идеологиялық қозғалыс үстіндеміз. Жаһандану саясатының түпкі мән-мағынасын ажыратып, өзіндік болмысымызды сақтап қалу жолында бағытымызды айқындадық. Бұл, әрине, тұғырын бекіткен Тәуелсіз еліміздің тамаша жеңісі! 
Ширек ғасырды артқа тастап, тәуекел етіп, әлемдік деңгейде дамудың даңғыл жолына түстік. Алдымызда әлі талай сындарлы  сәттер тұр. Олай болса, «Мәңгілік Ел» деп аталатын ұлттық мұратымызға жету үшін Елбасының рухани жаңғыруға бағытталған талап деңгейінен табылуға тиіспіз.    

Ғазиза ӘБІЛДА,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз