Батыр мерейтойының құрметіне ауылдарды аралады

39

0

Батыр мерейтойының құрметіне ауылдарды араладыҰлт азаттық көтерілісінің қайсар қолбасшысы Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан өнерпаздары алыс ауылдарды аралап тұрғындарды рухани сусындатты. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші кезекте олар Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округіне қарасты Шилі елді мекенінде болды. Өнерпаздарды бастап барған топ жетекшісі «Әйтеке би кенттік және ауылдық клубтар» МКҚК директоры Кенже-Әлі Асқар шараны ашып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Шара барысында Ермекбай Ағырай мен Жәнібек Құтмаханов құйқылжыта терме орындаса, әншілер Гүлбану Досан, Ақбөпе Кеулімжаева, Айнұр Оспанова, Мұрат Әділов, Бақыткелді Надиров, Әлібек Айдаров, Жасұлан Шайхысламұлы, Рахымжан Қосмамбетов, Дастан Пірімбаевтар әннен шашу шашты. Жиналған халық ыстық ықыластарын білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді. 
Мұнан соң өнерпаздар Шәкен ауылына аялдады. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Айналайын – ауылым» атты аймақтық патриоттық әндер байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан талапкерлер бірінші кезеңде туған жер, Отан туралы, екінші кезеңде өз таңдаулары бойынша еркін тақырыптағы әндер орындаудан тартысқа түсті. Талапкерлердің орындау шеберлiгiне, әннiң нақышына, сахна  мәдениетiн игеруіне, киiм кию үлгісіне назар аударылды. Оларға Шәкен ауылының ардагер ұстазы Әзілхан Үмбетов, аудандық мәдениет Орталығы жанындағы №1 мәдени-демалыс кешенінің меңгерушісі Гүлбану Досан, аудандық мәдениет Орталығының үйірме жетекшісі Мұрат Әділов төрелік жасады. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Нұрлыбек Сейілбек, ІІ орынды Қолғанат Арайлым, ІІІ орынды Сүлейменов Нұржігіт иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған өнерпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды. Байқауды Шәкен ауылдық округінің әкімі Болатбек Әміреев қорытындылап, шараны ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Шара соңы аудан өнерпаздарының гала-концертіне ұласып, түнгі от шашулар атылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз