Батырхан Шүкенов ресейлік “Один в один” шоуының жеңімпазы атанды

49

0

Батырхан Шүкенов ресейлік “Один в один” шоуының жеңімпазы атандыЖүрек талмасынан бақилық болған Батырхан Шүкенов ресейлік тележобаның абсолютті жеңімпазы атанды. Талантты әнші көзі тірісінде «Один в один» бағдарламасының жартылай финалына өткен болатын.

Онда Батырхан америкалық әнші Стиви Уандердің кейпінде өнер көрсетті. Оның бұл бейнесі алдын ала жазылып алынған. Бірақ оны марқұмның өзі телеарнадан тамашалай алмай кетті.

«Один в один» тележобасында Батырхан Шүкенов басқа да шетел жұлдыздарын сомдап, қазылар алқасының таңдайын қақтырған болатын.

Атап айтқанда Луи Армстронг, Лучано Паваротти, Мұрат Насыров, Леонид Агутиннің кейпінде көрермендер көңілінен мәңгі орын алды. Ал еліміздің көптеген өңірлерінде әншіні еске алу шарасы өтіп жатыр.

Туыстары марқұмның қырқы өткенше концерттік бағдарламалардың қойылмауын өтінген еді. Алайда Батырханның өнеріне ғашық халық бүгінгі оның туған күнінде бей-жай қала алмады.

Шүкеновты дәл қазір мәскеулік әріптестері мен Қытайдағы қазақ жастары да еске алып жатыр.

Дереккөз: 7 канал

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз