Батырхан Шүкеновпен қоштасу Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді

43

0

Батырхан Шүкеновпен қоштасу Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтедіБатырхан Шүкеновпен қоштасу мамырдың 2-сі күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Бұл туралы Қазақ мемлекеттік филармониясының бас әкімшісі Лев Мейзерович айтты.

Оның айтуынша, әншінің туғандары әзірге жерлеу рәсімін 2 мамырға белгілеп отыр.

«Әзірге дирекцияға 2 мамыр деп хабарлады. Алайда, қоштасу рәсімі 1 мамырда өткізілуі мүмкін. Ол туысқандарының шешіміне байланысты», – деді Л.Мейзерович.

Айта кетейік, бүгін таңға жуық қазақтың талантты әншісі Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеудегі пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болды.

Сондай-ақ әнші Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Батырхан Шүкеновтің ресми сайтында хабарланды.

Онда Батырхан Шүкеновпен қоштасу рәсімі Мәскеу уақыты бойынша сағат 13:00-де, 2-ші Боткинский даңғылы 5-ші үй мекенжайы бойынша Боткин атындағы қалалық клиникалық аурухана өтетіндігі туралы айтылған. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, әншінің денесі Алматыға жерленбек.

Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Мансап жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А\’Студио тобының фронтменті болады, ал бір жылдан кейін «Джулия» деп аталатын хит әні шығады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге «Рождественские встречи» байқауына қатысқаннан кейін келеді.

Батырхан Шүкенов А\’Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы «Россия 1» телеарнасының «Один в один» шоуына қатысып жатқан болатын, деп хабарлайды batyr.net.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз