Батырхан Шүкеновтің атын жамылып пайда тапқысы келетіндер көбейген

42

0

Батырхан Шүкеновтің атын жамылып пайда тапқысы келетіндер көбейгенБатырхан Шүкеновтың қазасынан кейін оның атын коммерциялық мақсатта
пайдаланушылар көбейген. Бүгін әншінің продюсері, әрі жақын досы болған –
Олжас Байқанов осындай мәлімдеме жасады. Әсіресе, мұндай жағдай Алматы
мен Мәскеуде белең алып барады екен. Бұл жайында КТК телеарнасы мәлім
етті.
    Әншінің туыстары енді осындай шараларды ұйымдастырған адамдармен
заң шеңберінде сөйлеспек. Солардың бірі – осыдан үш күн бұрын Өскеменде
өткізілген байкерлер фестивалі. Мұнда елдің көп жиналуын қалағандар еш
қатысы жоқ болса да «Шара Батырхан Шүкеновтің құрметіне арналады» деп
жалған афиша таратқан. Онысымен қоймай, «Джулия» әнін орындауға ресейлік
сайқымазақ Никита Джигурданы шақыртыпты. Мұндай коммерциялық концерттер
түнгі клубтарда да өтіп жатыр. Әзірге Батырханның әндеріне авторлық
құқық анасы Дилара Ибрагимқызына берілген.
    – Қазір Батыр туралы түрлі қауесет таратып жатқандар бар. Мәселен,
ұлы Мақсұт онымен араласпапты екен деген сияқты. Бұл өтірік. Олардың
араласуына әйелі Екатерина ешқашан тыйым салған емес, -дейді
Б.Шүкеновтың досы Олжас Байқанов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз