«Батыс Европа – Батыс Қытай» автобан құрылысына қажет өнімдер Қазалыда дайындалады

122

0

«Батыс Европа - Батыс Қытай» автобан құрылысына қажет өнімдер Қазалыда дайындалады2005 жылы «МО-1» болып құрылған серіктестік бүгінде «LCI-MK» деген атаумен республика аумағын жол көпір құрылыстарына қажетті темір-бетон бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зауыт жылына 10 000 текше метр темір-бетон бұйымдарын және конструкцияларды өндіруге бейімделген. Негізінен құрылысқа қажетті материалдар өндіріледі.

«Батыс Европа – Батыс Қытай» жол құрылысына қажетті темір бетон бұйымдарын өндіру үшін жаңа алаң салып, қазіргі таңда 18,21,24 метрлік балкаларды стандарттарға сәйкес дайындайды. Сонымен қатар, облыс, республика көлеміндегі әлеуметтік нысандардың құрылыстарына қажетті тапсырыстар қабылдауда. Бүгінде серіктестікте 67 жұмысшы-қызметкерлер жұмыс жасауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз