Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

135

0

Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атанды.«Қазақстан» ұлттық арнасынан жарты жылдан астам уақыттан бері көрсетіліп келе жатқан «Қазақстан дауысы» тележобасы бүгін аяқталды. Жобаның ақтық сынында тәлімгерлерінің қолдауына ие болып, көрермендердің ең көп дауысын жинаған 4 үміткер бақ сынады. Олар:  Бауыржан Ретбаев,  Данияр Исмаилов, Индира Еділбаева және Мақсат Мақұлбеков.
Финалдық бәсекенің алғашқы айналымында Индира Еділбаева Роза Рымбаевамен қосылып ән шырқаса, Данияр Исмаилов «Қазақстан дауысы» жобасының өткен маусымдағы жеңімпазы Шаһаризат Сейдахметпен бірге «Ағажан» әнін айтты. Алмастың шәкірті Бауыржан Ретбаев халықаралық «Түрквижн-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғаловамен «Сен емес» әнін орындады. Ал Медеу Арынбаевтың шәкірті Мақсат Мақұлбеков опера жұлдызы Сүндет Байғожинмен бірге  «Жан ана» деп аталатын әнді шырқады.
Төрт үздіктің арасынан суырылып шыққан маңғыстаулық Бауыржан Ретбаев басқа айналымдарда да көрерменнің ең көп дауысын жинап, жобаның бас жүлдесі 5 млн. теңгеге ие болды. 

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз