Бауыржан Жауынтаев – Еуропа кубогының иегері

33

0

Бауыржан Жауынтаев – Еуропа кубогының иегеріТүркияның Анталия қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогінде жерлесіміз Бауыржан Жауынтаев жеңіс тұғырынан көрінді. 60 келі салмақта өнер көрсеткен Бауыржан 6 кездесуде де қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Еуропа кубогының иегері атанды. 
Жас та болса өзінің еңбекқорлығының арқасында үлкен табыстарға қол жеткізіп келе жатқан Бауыржанды білікті де білімді маман Қален Қалиұлы жаттықтырады. Енді Бауыржан үстіміздегі жылдың 3-10 сәуір аралығында Ресейдің Тверь қаласында болатын Еуропа кубогіне қатысады. Одан кейін тағы да екі Еуропа кубогінде бақ сынап, биылғы жылы Қытайдың Нанджинг қаласында өтетін жасөспірімдер Олимпиада ойындарында Еліміздің  намысын қорғамақ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз