Бауыржан Жауынтаев: \»Олимпиада чемпионы болу мен үшін үлкен жетістік\»

46

0

Бауыржан Жауынтаев: "Олимпиада чемпионы болу мен үшін үлкен жетістік"Қытайда өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасына Қазақстаннан қатысқан Бауыржан Жауынтаев қарсыластарынан басым түсіп, дзюдо күресінен чемпион атанды. 55 килограмм салмақ дәрежесінде күрескен Бауыржан Жауынтаев финалдық белдесуде әзірбайжандық спортшы Натиг Гурбанлиді жеңді.
«Аламан» сайтының тілшісіне берген сұхбатында Бауыржан Жауынтаев: «Жеңіске жету оңай болған жоқ. Әлемнен іріктелген тек сегіз спортшы қатыстық. Соларды ұтып чемпион болу мен үшін үлкен жетістік. Бапкеріме мың алғыс айтам. Енді алдағы ірі олимпиада ойындарында жеңіске жету үшін барымды саламын», — деді.
Ал спортшының бапкері Қален Қалиұлы бұл жарысқа Бауыржанның үлкен жауапкершілікпен келгенін айтты.
– Себебі ол өз салмағындағы ең мықтылармен кездесті. Және ол биыл әлем чемпионатын ұтқандықтан, бүгін соны дәлелдей алмай қаламын ба деген қобалжу да болды. Бірақ дайындығымыз еш кетпеді, — деді бапкер.
Бауыржан Жауынтаев бұған дейін дзюдодан жасөспірімдер арасында Азия және әлем чемпионатында жеңімпаз атанған спортшы.
Нанкиндегі жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындары 28 тамызға дейін жалғасады. Бұл жарысқа Қазақстаннан барған 51 жас спортшылар 17 спорт түрінен сайысқа түсіп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз