Бауыржан Жауынтаевқа пәтер берілді

43

0

Бауыржан Жауынтаевқа пәтер берілдіБүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жасөсіпірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының чемпионы Бауыржан Жауынтаевты қабылдады. Қытай төрінде ел намысын абыроймен қорғаған дзюдошыға аймақ басшысы екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.
55 келіде сынға түскен жерлесіміз қарсыластарының мықты болғанын айтып, бұл байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындалғанын жеткізді. Еңбегі еш кеткен жоқ. Жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын иеленді.
Аймақ басшысы жас спортшыны жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта ересек арасындағы бәсекелерде бағы мен бабы қатар шабуына тілектестігін білдірді. 
Бауыржан Жауынтаевтың бапкері Қален Қалиұлы спортшының жарысқа дайындалуына үлкен қолдау көрсетілгенін айтып, алғысын білдірді.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз