БАЙҚАМАЙ СӨЙЛЕП, БАСЫ БӘЛЕГЕ ҚАЛДЫ

64

0

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық тәртіптік кеңесінің тоғызыншы отырысында
он екі мәселе қаралды. Тәртіптік кеңес төрағасы Марат Оразәлінің төрағалығымен өткен
жиында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, «Мемлекеттік сатып алу туралы”,
«Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі” Заң талаптарының бұзылуына жол берген
тұлғалардың тәртіптік істері талқыға түсті.

Күн тәртібіндегі алғашқы үш мәселе бойынша Қызылорда қалалық
тұрғын үй-коммуналдық-шаруашылығы және тұрғын үй инс­пекциясы бөлімі басшысының
орынбасары Б.Далабаев, сектор меңгерушісі Е.Алпысбаев, жетекші маман А.Рысбектің
тәртіптік істері қаралды. Облыс орталығының сыртқы жарықтарын 2015 жылғы ағымдағы
жөндеу және техникалық қызмет көрсетуге өткізілген конкурс барысында жоғарыдағы
тұлғалар мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарын бұзу арқылы өтініш иесін конкурсқа
қатысу құқығынан шектеп, кәсіпкердің заңды мүддесін іске асыруда көрінеу кедергі
жасағандары анықталған. Алайда тәртіптік кеңес олардың әрекеттерінде сыбайлас жемқорлыққа
жағдай туғызатын құқық бұзушылық сипат алмаған деп тауып, аталған істерді тоқтату
туралы шешім етті.

Келесі мәселеде Шиелі ауда­нындағы Бала би ауылдық округінің
әкімі Т.Нарымбетовтің тәртіптік ісі қаралды. Ауыл әкімінің №50 орта мектепке келген
«Евразия-1” және «31 канал” журналистеріне азаматтардың мемлекеттік қызметке тесттің
оң нәтижесі бойынша қабылдануы жайында сұхбат беру барысында «Халық жүз пайыз сауатты
емес қой, егер барлығы сауатты болса, әкім болып отырмай ма, әкім болуға немесе
мектеп директоры болуға таласпай ма, папка ұстап жүрмей ме?” деп айтқан сөзі
«www.faсеbook.com”, «youtube.com” әлеуметтік желілеріне жария­ланып, ол желі пайдаланушылар
тарапынан сынға ұшыраған болатын. Осы әрекетімен Т.Нарымбетов «Мемлекеттік қызметшілердің
ар-намыс» кодексі талаптарын бұзған еді. Тәртіптік кеңес бұл мәселе бойынша Шиелі
ауданының әкіміне оның «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту” тәртіптік
жазасын қолдану туралы ұсыныс білдірді.

Бесінші мәселе облыс бойынша көліктік бақылау инс­пек­циясы
басшысының орынба­сары А.Қаныбеков, бас маман А.Орынбаев, жетекші маман Е.Матеновтің
тәртіптік ісіне арналды.

Прокуратураның ұсынысы бойынша А.Орынбаев тарапынан
9776 МК жартылай тіркемесі бар мемлекеттік белгісі 158 BSA 09 «Foton” автокөлігімен үлкен көлемді жүк артып
өткені үшін азамат А.Г.Гунькоға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің»
463-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, А.Қаныбековтің қаулысымен кінәлі тұлға
әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, тіркемесі тиесілі «Горнопромышленная транспортная
компания” ЖШС-ын әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде инспекцияның лауазым иелерінен
ешқандай шаралар жүргізілмеген.

Осындай жағдай Е.Матенов тарапынан «Абу-Сер» ЖШС-на тиесілі
мемлекеттік белгісі 3683 AZ 09 «GY 25
K5g»” автокранмен бір тоннадан артық жүкпен өткені үшін А.В.Ивлевке ҚР ӘҚБТК-нің
463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтыру, А.Қаныбековтің қаулысымен А.В.Ивлевті әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында
да орын алған. Тәртіптік кеңес құжаттарды зерделеу нәтижесінде аталған тұлғаларға
тәртіптік жаза қолдану мерзімінің өтіп кетуін ескеріп, тәртіптік істі тоқтату туралы
шешім қабылдады.

Алтыншы мәселе бойынша Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшыларының мәселелері
қаралып, шешім қабылданды.

«Жалпы үлгідегі мүгедектер мен қарттарға арналған интернат
үйінің» басшысы Л.Кәрібаева мемлекеттік сатып алу ережесін дұрыс қолданбай, биылғы
4 маусымда «Төсек тыс орындары» конкурсына қатысуға жеке және заңды тұлғаларға көрінеу
кедергі жасау әрекетімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылыққа жол берген.
Мәселені қараған тәртіптік кеңес облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бас­­шысына кінәліні қызметінен тө­мендету, егер төменгі
бос лауазым болмаған жағдайда заңда бел­гіленген тәртіппен қызметіне толық сәйкес
еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс білдірді.

 

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз