Байқау жеңімпазы Паржиге аттанады

53

0

Ағымдағы жылдың 12 мамырындаЕстай атындағы мәдениет үйінде Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы «Бала дауысы» ұлттық балалар әндерінің байқауының екінші маусымы басталады.  
«Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен  өтеді. Байқаудың негізгі мақсаты – жаңа балалар әндерін жандандыру және құру арқылы балалар музыкалық шығармашылығын дамыту болып табылады»,-деді Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында қор басқармасының төрағасы Мұрат Исаханов. 
Спикердің айтуынша, «Бала дауысы» байқауының ашылуына арналған қайырымдылық концерт  2017 жылдың 13 мамырынан 29 қазанына дейін жалғасын табады. 
«Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бірегей жобасы «Бала дауысы» ұлттық балалар әндерінің байқауының авторы мен  Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов аталған байқауды ашатын болады. Мәдениет үйінің сахнасында алғашқы маусымының 23 жеңімпаздары өз өнерлерін көрсетеді.  Байқаудың 2 – ші маусымы Павлодар қаласында бастау алмақ.  «Бала дауысы – 2016» байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая болған еді»,-деп атап өтті спикер.   
Мұрат Исаханов жеңімпаздарды күткен тосын сыйларға да тоқтап өтті. 
«Біріншіден, «Импайр» құрған «Золотая нотка» авторлық сыйлық күтеді. Бұл сыйлық жылына бір рет 16 дана  жасалынады.  Бұл сыйлық былтырғы жеңімпаздардың қолында.  Қолдан жасалынған және еш жерде қайталанбайтын сыйлық.   Екіншіден,  еліміздің үздік 16 дауысы «Бала дауысы» ән мектебінде, Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады.  Үшіншіден, балалар жаңа үш әнді сыйға алады, төртіншіден, үш концерттік киімдерге ие болады. Бесіншіден, жеңімпаздар музыкалық оқу орынға грантты иеленеді»,-деді Исаханов.     
Сондай-ақ,  Мұрат Исаханов  жеңімпаз атанған бала Париж қаласынан өз отандастарына сәлем жолдауға мүмкіндік алады.  Бір аптадан кейін .  «Бала дауысы – 2016» байқауының жеңімпаздары павлодарлық кішкентай жұлдыздар – Мерхат Жылқыбаев пен Мария Затварницкая Парижге жол тартатынын жеткізді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз