Байкенжеде балабақша ашылды

45

0

Байкенжеде балабақша ашылдыЖаңақорған. Ауданға қарасты Байкенже ауылдық округінде жаңадан «Ерке-Наз» балабақшасы пайдалануға берілді. 
Нысан аудандық бюджеттен қаржыландырылып, құрылысы белгіленген мерзімде аяқталды. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген балабақша 50 балаға жоспарланған. Балабақша бөлмелері мен оқу, демалыс орындары және асхана толық жабдықталған. «Хорасан-1» мекемесі балаларға арналған базарлығын табыс етті. Бір қуанарлығы балабақша 20-ға жуық жұмыссыз ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтыды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз