Байқоңыр 2016 жылғы алғашқы ұшырылымға дайын

49

0

Байқоңыр 2016 жылғы алғашқы ұшырылымға дайынБайқоңыр ғарыш айлағында 2016 жылы ғарышқа бірінші ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып жатыр.

М.В.Хруничев
атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы (МҒҒӨО)
баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін таңертең Eutelsat-9B ғарыш
аппараты (ҒА) бар «Протон-М» ғарыштық зымыран (ҒЗ) монтаждау-сынақ
корпусынан шығарылып, Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші алаңының старттық
кешеніне жеткізілді.

ҒЗ-ды тік қалпына орнатудан кейін, Роскосмос
кәсіпорындарының мамандары бірінші старт күнінің кестесі бойынша
жұмыстарға кірісті. Eutelsat-9B ғарыш аппараты (ҒА) бар «Протон-М»
ғарыштық зымыранды ұшыру 2016 жылдың 30 қаңтарына, Астана уақытымен
сағат 04:20-ға жоспарланған. Ұшыру Байқоңыр ғарыш айлағының 200-ші
алаңынан жүзеге асырылады.

Бұл ұшыру арқылы Роскосмос 2016 жылы Байқоңырдан ұшырулар бағдарламасын ашпақ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз