Байқоңыр қаласы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде

54

0

Байқоңыр қаласы өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтудеБүгін Қызылорда облысында Байқоңыр қаласының 60 жылдығы тойлануда, деп
хабарлады Қармақшы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

1955
жылдың 2 маусымында Бас штаб директивасы Бесінші ғылыми-зерттеу сынақ
полигонының штаттық құрылымын бекітіп, полигон штабы құрылды, осы күн
ресми түрде Байқоңыр ғарыш айлағының туған күні ретінде аталады.

Таңертеңнен бері байқоңырлықтар мен қала қонақтары зымыран-ғарыш
техникасы конструкторларының аруағын еске алып, қаза болған зымыраншылар
мемориалына гүл шоқтарын қоюға жиналды. Жиналған жұрт ғарыш саласын
дамытуға ғұмырларын арнаған азаматтардың аруағын еске алып, дұға қылды.

Мерекелік шара «Он жылдық» стадионында жалғасып, онда ресми
тұлғалардың құттықтауы оқылды және Байқоңыр қаласының бірқатар тұрғыны
«Қаланың Құрметті азаматы» атағына ие болды. Мерекелік күннің бірінші
жартысына әуе-ғарыш қорғанысы әскери ансамблінің және Қызылорда облыстық
филармониясының әзірлеген концерті өтті.

Айтулы күн лазерлік
шоумен және отшашумен қорытындыланбақ. Сондай-ақ Байқоңыр шығармашылық
ұйымдары арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырып, «Шеберлер қаласы»
қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі мен «Байқоңыр аруы» сұлулық шоуы өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз