Байқоңыр Ғарыш күнін тойлауда

38

0

Байқоңыр Ғарыш күнін тойлаудаБүгін «Байқоңыр» ғарыш кешені өзінің кәсіби мерекесін тойлап жатыр.

Жуырда
қалалық мәдениет сарайында Ғарыш күніне арналған концерт өтті. Оған
ресейлік және қазақстандық кәсіпорын басшылары, Ресейғарыш пен Қазғарыш
мамандары қатысты.

Бүгін Байқоңыр қаласындағы Юрий Гагарин саябағында
митинг өтті. Мұнда ғарыш кешінінің басшылары, байқоңырлықтар мен қала
қонақтары сөз сөйлеп, Жердегі алғашқы ғарышкердің ескерткішіне гүл
шоқтарын қойды.

«Биыл Байқоңырдың 60 жылдығын атап өтеміз», – деді өз сөзінде қалалық әкімшілік басшысының м.а. Анатолий Петренко.

Байқоңырда көп жылдар бойы жеңіл атлетикалық
эстафета өткізіліп келді. Бүгін марафоншылар Гагариндік №1 ұшу алаңынан
Байқоңыр қаласындағы Гагарин ескерткішіне дейін 34 километрді жүгіріп
өтті. Биыл жеңіл атлетшілерге велосипедшілер қосылды.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз