«Байқоңыр» велоклубының футболкасын сыйға тартты

39

0

«Байқоңыр» велоклубының футболкасын сыйға тарттыПремьер-министр Кәрім Мәсімов «Роскосмос» басшысы Игорь Комаровты 2017
жылы өтетін триатлонға қатысуға шақырды, – деп жазады pm.kz сайты.
    Кездесуге сонымен қатар белгілі велосипедші Андрей Кашечкин
қатысып, оған «Байқоңыр» велоклубының футболкасын сыйға тартты. «Кәрім
Мәсімовтің спорттың танымал болуына көп көңіл бөлуі қуантады. Ол
салауатты өмірдің маңызын іс жүзінде де көрсетіп келеді. Премьер-министр
мұндай шараларға бір емес, бірнеше рет қатысты. Осыдан кейін елімізде
көптеген адам дуатлон және триатлон секілді спорт түрлері бар екенін
білген сияқты», – деді спортшы.
    Атақты велошабандоз алдағы триатлон жарысы Қазақстанның имиджіне айтарлықтай ықпал ететініне сенімді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз