Байқоңырда ғарыш кемесі техникалық ақауға байланысты ұшпай қалды

57

0

«Прогресс МС-07» жүк кемесі бар «Союз 2.1а» зымыран тасығышы техникалық ақаулыққа байланысты ұшырылмай қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«12 қазанда Байқоңырдан ұшырылуы тиіс «Прогресс МС-07» кемесі автоматиканың істен шығу салдарынан сапарын шегерді. Оның себебін мемлекеттік комиссия анықтаған», – деді РФ вице-премьері Дмитрий Рогозин журналистерге. Соңғы уақытта Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырымдарын онлайн режимде көрсетіп жүр. Ұшырылым жоспар бойынша жүріп жатты. Соңғы сәтте репортаж жүргізуші «Прогресс МС-07» кемесін ұшыру 14 қазанға ауыстырылғандығын хабарлады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз