Байқоңырда халықтық спорт ойындары өтуде

66

0

Байқоңыр қаласында  Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған облыстық халықтық спорт ойындары басталды. Әрбір 4 жылда бір рет өткізілетін спорт жарысы осымен бесінші рет өткізілуде. Сайысқа  Байқоңыр, Қызылорда  қалалары  мен 7 ауданнан мыңға жуық спортшы волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, гір көтеру, қол күресі, үстел теннисі, президенттік көпсайыс және асық атудан өзара сынға түсуде.  
Халықтық спорт ойындарының ашылу салтанатында Қызылода облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жарысқа қатысушыларды құттықтады. 
– Өңірде бұқаралық спортпен шұғылданушылар 23,4 пайызға жетті. Барлық аудан орталықтарында футбол алаңдары заманауи талапқа сай қайта қалпына келтіріліп, Арал мен Қармақшыда жаңадан стадион салынды. Спорт алаңдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса көңіл бөлінуінің арқасында жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтары артуда, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
 «Облыстық халықтық спорт ойындарының бағдарламасы аясында қазақ күресі мен гір көтеруден жеңімпаздар анықталды. Төл күресімізде Қызылорда қаласының командасы көш бастаса, Қармақшы ауданы екінші орынды, Шиелі ауданы үшінші орынды иеленді.  Гір көтеруден Қызылорда қаласының командасы жеңімпаз атанды. Қалған орындарды Қармақшы және Арал ауданының спортшылары бөлісті. Жеңімпаздар қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өтетін республикалық ойындарда облыстың намысын қорғайды» деп хабарлайды облыс әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз