Байқоңырда тұратын сайлаушылардың 95 пайызы дауыс берді

50

0

Байқоңырда тұратын сайлаушылардың 95 пайызы дауыс берді«Байқоңыр» ғарыш кешені тұрғындарының қазақстандық бөлігі кезектен тыс президенттік сайлауға белсенді қатысты.

Біздің агентікке Байқоңыр қаласы әкімшілігінің сайлау комиссиясына жәрдемдесу жөніндегі жедел тобының басшысы Михаил Москалев хабарлағандай, сайлаушылардың жалпы санының 95 пайызы дауыс берген.

Байқоңыр қаласында тұратын ҚР азаматтары тізімінде барлығы 24 089 адам бар, олардың дауыс беруі үшін 11 сайлау учаскесі ашылды.

Дауыс беру көрсеткіші түске қарай артты, себебі таңертең қалада екі тәулікке созылған нөсер жауын жауып тұрды.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан алыс алаңдарда орналасқан «Байқоңырэнерго», «Горводоканал» кәсіпорындарындағы вахтада кезекшілік еткен қазақстандықтар да сайлауға қатысты», – деп атап өтті М. Москалов.

Сайлау комиссиясы жұмысына жәрдемдесу үшін қалалық әкімшілік құрған жедел топ басшысының пікіріне қарағанда, Байқоңырда сайлау науқаны сәтті өтті.

Қазір Байқоңыр қаласында сайлау комиссиялары бюллетень санаумен айналысуда. Осыдан кейін Қармақшы аудандық аумақтық комиссиясына жеткізіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз