Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышы соңғы рет ұшырылды

47

0

Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышы соңғы рет ұшырылды Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-У» зымыран тасығышы соңғы рет ұшырылды, деп хабарлады www.24.kz. Бұл оның 789-сапары. Осы жолы зымыран кеңістікке «Прогресс» ғарыш жүк кемесін алып шықты.
Бортында ғарышкерлерге арналған 2 жарым тонна зат бар. Кеме жанар-жағармай, таза ауа, су, жаңа құрал-жабдықтармен бірге тәтті тағамдар апара жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, қазір «Прогресс» орбитаға жеткізілген. Ол Халықаралық ғарыш станциясымен жұма күні түйісуі керек. Ал «Союз-У» зымыран тасығышы 1973 жылдан бері ұшырылып келеді. Ол 22 рет қана сәтсіздікке ұшыраған. Сондықтан бұл зымыран әлемдегі сенімді тасығыштың бірі болып саналады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз