Байқоңырдағы 6 қазақ мектебі қазақстандық стандартқа өтті

36

0

Байқоңырдағы 6 қазақ мектебі қазақстандық стандартқа өттіТалай жылдан бері талқыға түсіп келген Байқоңырдағы мектептердің
проблемасы оң шешімін тапты. «Жұлдызды қаладағы» 6 қазақ мектебі
еліміздің білім беру стандартына көшті.

Білім күні алғаш рет аталған
мектептің табалдырығын 642 байқоңырлық бүлдіршін аттады. №277
К.Тоқмұхамедов атындағы мектепті өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты
шарасына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Бұл туралы облыстық
әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биылғы оқу жылы баршамызға үлкен қуанышпен
басталып отыр. Өйткені Ресейдің оқу стандартына өтіп кеткен қазақ
мектептерін өзімізге қайтарып алдық. Бүгіннен бастап осындағы 6 қазақ
мектебі отандық білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Бұл Тәуелсіз еліміз
үшін және осындағы қаракөз балаларымыздың болашағы үшін маңызды»,- деді
Қырымбек Көшербаев.

Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Түйткілді
мәселені шешіп берген Елбасына алғыстарын айтты. Ал аймақ басшысы
бірінші сынып оқушыларына Елбасының «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын
табыс етті.

2015 жылға аталған білім беру нысандарының
шығындарына республикалық бюджеттен 982,1 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы
қыркүйек айының өзінде аталмыш білім мекемелерінің
материалдық-техникалық керек-жарағын толық қамтуға қосымша 200 млн.
теңге бөлінді. Сондай-ақ мұндағы мектептерге қажетті 90442 дана оқулық
толығымен жеткізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз