Байқоңырдағы балалар мерекесі

96

0

Байқоңырдағы балалар мерекесі1 маусым – Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында.
2017 жылдың  01 маусым күні  «1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні»   мерекесіне  Төретам кентіндегі мәдениет үйінде Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс шара өткізілді. Осы шараға біздің «Азаматтарға  арналған  үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Байқоңыр қаласының бөлімінде атсалысып қатысты. Іс-шара барысында балаларға арнап  клоун-әзілкештерінен, әртүрлі қойылымдар койылды. Балалардың қатысуымен қызықты ойындар, ән-жыр айтылып, би биленді. Мерекелік концерт соңында бүлдіршіндерге сый сыяпат тарту ете отырып, ата –аналарға ақ тілектер айтылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз