Байқоңырлықтарға өнімін ұсынып отыр

58

0

Байқоңырлықтарға өнімін ұсынып отыр   Қармақшы. 2011 жылы Қармақшы ауданы Ақай ауылынан жер телімін алып,
тәтті тағам түрлерін дайындайтын жеке цех салып, кәсібін бастаған
Аманкүл Әбдірахманова аз уақыттың ішінде Төретам кенті мен Байқоңыр
қаласы тұрғындарына да өз өнімдерін ұсынып, көпшіліктің ризалығына
бөленуде.
   Аудан әкімдігінің хабарлауынша, кондитер цехын сүйікті
қызының атымен «Жанар» деп атаған кәсіпкер қазір 4 адамды жұмыспен
қамтып,тәтті тағам өнімінің 30 дан астам түрлерін шығарады. Сонымен
қатар ол аудан, облыс көлеміндегі мәдени-көпшілік іс-шараларға белсене
араласып, демеушілік жасап отырады. Кәсіпкер әлі де болса өнім түрлерін
көбейтіп, сапасын арттыра түсуді мақсат етіп отыр.
 
Байқоңырлықтарға өнімін ұсынып отыр
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз