BBC арнасы Сыр бойында түсірілім жасады

56

0

BBC арнасы Сыр бойында түсірілім жасадыНаурыз айында Ұлыбританиядағы BBC арнасының эфирінен танымал Top Gear бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді. Көліктерге арналған  бұл бағдарламаның  бір бөлігі өткен жылдың соңында Қызылорда жерінде түсірілген еді. 350 миллиондық  аудиториясы бар  Top Gear бағдарламасының авторлары, продюссерлері мен  жұлдызды актерлары  Сыр елінде  бірнеше күн ауқымды түсірілім жасады, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бауыржан Шамшатқа сілтеме жасап.
Голливудтық актер Мэтт Леблан бастаған  автошабандоздар тобының  қызыққа толы оқиғаларын баяндайтын бағдарлама арқылы әлем жұртшылығы ұлттық ойынымыз көкпарды, Байқоңыр ғарыш айлағын және қазақтың  мәдениеті мен салт-дәстүрін  етене тани түсті. 
«Тop Gear  жобасының түсірілімі  BBC арнасының   қаражаты есебінен жүргізілді, ал  жергілікті билік   телебағдарламаның сапалы әрі жоғары деңгейде түсірілуіне  қолдау көрсетіп, ұйымдастыру шараларына атсалысты», – деп атап өтті әкімдіктен. 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз