Бекман Сойлыбаев чемпиондық атағын қорғап қалды

58

0

Осыдан бірер минут бұрын Лас-Вегаста Бекман Сойлыбаев кезекті 13-ші айқасын өткізіп, 10 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауызды шешімімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Отандасымыз осылайша Golden Boy Promotion ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Ал жерлесіміздің қарсыласы мексикалық Фернандо Варгас жеңіске қанша жерден талпынғанымен қазақ боксшысына шамасы жетпеді. Варгас биыл Бекманға дейін үш рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, мамырда өткен соңғы айқасында өзінің отандасы Орасио Гарсиядан жеңіліп қалған. Міне, бұл осы жылдағы екінші жеңілісі. 
Ал осымен кәсіпқой бокстағы 13-ші жекпе-жегін өткізген Бекман Сойлыбаев тағы да жеңіске жетті. Ол барлық жекпе-жектерін тек жеңіспен аяқтап келеді.  Оның төртеуінде қарсыласын нокаутқа түсірген.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз