Белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті

4841

13

Танымал журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында өмірден озды, – деп хабарлады Egemen Qazaqstan.

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.

2013-2017 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. 

Пікірлер:
  • Жаксы кісі еді. Өмір өткінші, дәм түзі таусылды деген осы шыгар. Аллам туған туыстарына сабыр берсін. Жанын жәнәттә болсын біздің заманның батыры.

  • Өте өкінішті,қазақ деп шырылдаған жігіттердің бірі еді,жаны жәннәтта болсын топырағы торқа болсын

    Неден қайтыс болды екен,ауырды ма әлде басқа жағдай болды ма

  • Жаны жайсаң тамаша тұлға еді. Аллаһ тағалам иманын жолдас етіп, жаннаттан орын нәсіп етсе екен. Рамазан айында жәннаттың барлық есігі ашылып, тозақтың барлық есігі жабылады деуші еді ғой. Шынымен де рухани дем беретін Бейсен ағамыздың қазасы барша қазақ қауымына ауыр тиеді деп ойлаймын

  • Жаны жайсаң, керемет жан еді, алла алдынан жарылқасын, жүрегі таза, ерекше жаралған нағыз жігіттің төресі, алла отбасына сабыр қуатын берсін, оның жарқын бейнесі өзін жақсы көрген халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Алдынан жарылқап, иманын жолдас етсін. Қолдан келер басқа шара жоқ.

дамира үшін пікір үстеу Жауапты болдырмау