Бельгияда «Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті

41

0

Бельгияда «Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті Бельгияның Льеж қаласында «UCI Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы
өтті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, бұл ұжымның негізін қалаушы велошабандоз, қазір кәсіпкер Андрей Кашечкин.

Таныстыру рәсіміне белгілі қазақстандық велошабандоздар қатысты.

Команданың спорттық директоры Жак Туниссен жаңа маусымда «Байқоңыр» командасының да өнер көрсететін мәлімдеді.

– Бұл команда құрамында 10 қазақстандық және 6
бельгиялық шабандоз өнер көрсетеді. Топта Андрей Кашечкин академиясының
шабандоздары шыңдалады. Академия мен «Байқоңыр» командасының жалпы
құрамында 35 велошабандоз бар, – деді Жак Туниссен.

А.Кашечкиннің айтуынша, велокоманда тек қана спорт
саласындағы жоба емес, ол сондай-ақ Қызылорда облысында және Байқоңыр
қаласында туризм саласын дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады.
«Біздің мақсатымыз – жерлестеріміз Қазақстанды халықаралық аренада
танытып, Байқоңырдың танымалдылығын арттыру, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының әкімі
қазан айында Андрей Кашечкинмен кездесіп, жобаны жүзеге асыру және
«Байқоңыр» брендін насихаттау мәселелерін талқылаған. 2 желтоқсан күні
облыс әкімдігінде жаңа команда таныстырылып, машина құру зауытын салу
және Қызылорда облысында туризм саласын дамыту жөніндегі меморандумдарға
қол қойылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз