Белгілі футболшының есімі ұлықталды

35

0

Қызылорда. Облыс орталығындағы «Евразия» спорт кешенінде аты аңызға айналған футболшы болған және қызылордалық «Қайсар» командасында түрлі қызметтер атқарған Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған футзалдан ардагерлер арасында республикалық мәресіне жетті. Оны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық футбол федерациясы және Қалымбетовтер отбасының ұйымдастырды. Жарысқа 40 жас және одан жоғары жастағы 12 командадан  200-ге жуық ардагерлер қатысып, үздіктері анықталды. 
Ә.Қалымбетов (06.12.1949-28.01.2013)  Қызылорда облысының шеберлер командасында 20 маусымда өнер көрсетіп, (1968 ж. – «Қызылорда», «Волна», 1969-1973 ж.ж. – «Автомобилист», 1974-1978 ж.ж. «Орбита», 1979-1989 ж.ж. – «Мелиоратор») өзінің футболға берген ғұмырында 683 ресми ойынға қатысқан. КСРО чемпионатында қорғаушы, жартылай қорғаушы, шабуылшы ретінде өнер көрсетіп, КСРО кубогінде 4 ойын, Қазақ КССР кубогінде 29 ойынға қатысқан. Жоғары білікті спортшы болумен қатар, «Қайсар» футбол клубында аға жаттықтырушы, бас жаттықтырушы және  команда бастығы қызметтерін атқарды. 
Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Н.Әлібаев, Байқоңыр қаласы футбол федерациясының президенті Г.Сукиасян және Әбіл Қалымбетовтың зайыбы Д.Саймағамбетова  сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 
 Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша «Петро Қазақстан» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды  «Ардагер», үшінші орынды «Қайсар» командалары иеленді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз