Белгіленбеген орында діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан азамат жауапкершілікке тартылды

71

0

Белгіленбеген орында діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан азамат жауапкершілікке тартылдыҚызылорда ОІІД Экстремизмге қарсы іс-қимал басқармасының қызметкерлері рұқсат етілмеген жерде діни мазмұндағы әдебиеттерді сатқан деструктивті діни ағын ұстанушысы, Қызылорда қаласының 49 жастағы тұрғынын ұстады. Аталған азамат қала орталығындағы көшелердің бірінде діни кітаптарды сатқаны анықталды. 
Ұсталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағы (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, әзірлеу, шығару, басып шығару және (немесе) тарату) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот шешімімен «кінәлі» деп танылып,  50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу шарасы қолданылды.
Айта кетерлік жайт, облыс әкімінің қаулысы бойынша діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды Қызылорда қаласындағы «Жамағат», «Жамағат – 2» және «Жанұя» кітап дүкендерінде ғана сатуға, таратуға арнайы рұқсат етілген. 
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз